МТРА жаңалықтары

Кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамту ережелері түсіндірілуде

«Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн»! Өңірдің тәртіп сақшылары 1 маусымнан бастап ұлттық ақпараттық науқанға қатысуда.

Акция барысында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған ұл-қыздар орналасуы мүмкін жұмыс орындарын тексерді. Сонымен қатар, балалар еңбегін қанаудың алдын алу мақсатында тұрғындармен әңгіме жүргізілді. Ережеге сәйкес, 18 жасқа толмаған адамдар түнде жұмыс істей алмайды және оларға ауыр жұмыстар жүктелмейді. 14-пен 16 жасқа дейінгі балалардың жұмыс уақыты аптасына – 24, ал 16 мен 18 жасқа дейінгілер жұмасына 36 сағаттан артық тер төкпеуі тиіс. Одан бөлек, жұмыс оқу процесіне кері әсерін тигізбеуі міндетті.

Эльмира Садвокасова