ТКШ

Жұмышы кентінде қиыршық тас төселуде

Жұмысшы кентіндегі Михеев көшесін қалыпқа келтіру жұмыстары соңғы рет 3 жыл бұрын жүргізіліпті. Төгілген тас  жауған жаңбыр мен еріген қар суының салдарынан шайылып кеткен. Тұрғындардың өтініші бойынша аталған көшеге қайтадан тасты жабынды төселді.

Бұл – Жұмысшы кентінің шетіндегі Михеев көшесі. Оның ұзындығы шамамен 1 шақырымды құрайды. Тұрғындардың айтуынша мұнда ешқашан дұрыс жол болмаған. Тек ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде аздап қиыршық тас төгілген. Аталған шаруа осыдан 3 жыл бұрын жасалыпты. Соның өзінде жауған жаңбыр мен еріген қардың суына шайылып кеткен. Қазір аталған учаскідегі жолға қайтадан жөндеу жүргізіліп жатыр.

– Мұнда 3 жылдан бері тұрып келемін. Жолдың бәрі шұрқ-тесік болатын. Такси де келе қоймаушы еді. Қазір жағдай аздап өзгерді. Енді мопедпен де жүруге ыңғайлы.


– Атқарылған жұмысқа көңілім аса толған жоқ. Бұдан да жақсы қылып істеуге болады негізі.

Жолды жөндеуді мамандар кеше бастапты. Шаруаны 1-2 күнде тәмамдап қаламыз дейді. Жалпы, коммуналдық мекеме қызметкерлері қаладағы жеке меншік сектордағы 33 көшеге қиыршық тас төсемек. Сонымен қатар, 27 жолдағы шұңқырды бітеуді жоспарлап отыр.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Бұл – қала әкімінің халықпен кездесу нәтижесіндегі атқарылып жатқан жұмыстар.

Сонымен қатар, биыл қаладағы ескі мен Новопавловкадағы зираттардың кіреберісіндегі жол мен ішіне де қиыршық тас төселмек.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан