Kurultai banner mobile

МТРА жаңалықтары

“Мемлекеттік тіл және БАҚ” облыстық байқауы мәресіне жетті

“Мемлекеттік тіл және БАҚ” облыстық байқауы мәресіне жетті. Жыл сайын конкурсқа өңіріміздің қаламы қарымды журналистері өз материалдарын жолдайды. Биыл байқауға 2 телеарна мен 7 мерзімді баспасөз қатысты.

Қатысушыларға бірнеше талап қойылды. Ең бастысы – материалда тек проблема ғана емес, оны шешу жолы да көрсетілуі тиіс. Нәтижесінде, Муниципалдық телеарна тілшісі Айгерім Мұқашеваның бейнематериалы үздік деп танылды. Ал “Qyzyljar” арнасындағы әріптесіміз Наталья Аитованың сюжеті 2-ші орынды иеленді. Мерзімді баспасөз журналистерінің арасындағы үздік үштікті «Солтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Гүлбике Күбенова тұйықтады. 2-ші орынды Жамбыл аудандық “Ауыл арайы” газетінің бас редакторы Игілік Рахметов еншілесе, 1-ші орынды “Неделя СК” газетінің шолушысы Алена Любушак иеленді.

Игілік Рахметов – Жамбыл аудандық “Ауыл арайы” газетінің бас редакторы:

– Мемлекеттік тілді дамытуға БАҚ өкілдері өз үлестерін қосулары қажет.

 

 

Эльмира Садвокасова