Мәдениет

“Абайды оқы, таңырқа” марафоны мәресіне жетті

“Абайды оқы, таңырқа”. Осындай атаумен Химия-биология бағытындағы НЗМ-де 45 күнге жалғасқан марафон мәресіне жетті.

Абайдың 175 жылдығына арналып ұйымдастырылған байқауға кез келген бала қатыса алды. Шарты қарапайым: жеткіншектер бас ақынның қара сөздерін оқып, берілген мәтінге қатысты сұрақтарға жауап берген. Тест тапсырмалары сілтеме арқылы әлеуметтік желіде белгілі бір уақытта жарияланып тұрған. Жылдам әрі дұрыс жауап берген қатысушы сыйлықтармен марапатталды. Білім сынында 10-сынып оқушысы Дильназ Тулебаева ерекшеленді. Ол 8 мәрте үздік атанып, бас жүлдеге ие болды.

Дильназ Тулебаева – Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

– Бірінші күні бірден жеңіске жеттім деп айта алмаймын. Бірақ, мен еңсемді түсірмей әрі қарай қатыса бердім. Себебі, менің ойымша қара сөздерді оқу тек жүлде алу үшін ғана емес, өзіміз үшін қажет. Алғаш рет оқығанда мен оның тек мазмұнын түсіндім, қайта оқыған сайын оның басқа түпкі мағынасын түсіне бастадым.

 

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы