ТЖ

“Северный” супермаркетінен өрт шықты

“Северный” супермаркетінен өрт шықты. Оқиға кеше түнгі 11 жарым кезінде болған.

Ірі сауда орнының 5 қабатты үйдің төменгі бөлігінде орналасқаны белгілі. Сол себепті, мамандар алдымен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірген. Осылайша, өрт сөндірушілер 17 адамды эвакуациялапты. Оның 5-уі – бала. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша от картон қораптардың жануынан өршіп кетіп, 10 шаршы метрді шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі мен материалдық шығын көлемі нақтыланып жатыр.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы