Құқық қорғау органдары

СҚО-да 11 блокпост қызметін тоқтатты

Коронавирусты бөгеу мақсатында қойылған 11 блокпост қызметін тоқтатты.

Өңірде 2 айға жуық уақыт бойы 14 бекет жұмыс істеген болатын. Олардың барлығында күні-түні 250-ден астам полиция, медицина және ветеринАрия маманы кезекшілік атқарды. 11 қосын алынып тасталғанымен, Мамлют, Уәлиханов және Мағжан Жұмабаев аудандарындағы нысандар шекара ашылғанға дейін жұмыстарын жалғастыра бермек. Полиция департаментінің басшылығы бүгін өңірдің түкпір-түкпірінде 60 күн бойы суықта, жаңбыр құйғанда, аптап ыстықта да тынбай еңбек етуден жалықпаған жандарға алғыстарын білдірді.

Қанат Айтбаев – СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:

 – Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысының негізінде 1-ші маусымнан бастап, біздің облыстағы 14 блокбекет өз жұмысын тоқтатты. Бүгін полиция, медицина қызметкерлерін құттықтау үшін әдейілеп Айыртау ауданына келдік.

 

 

Ешкенова Дана