Үлкен отбасы балаларына сыйлықтар үлестірілді

Қоғам

21:35 1 Маусым 2020

Отбасындағы ең үлкен бақыт, ол – бала дейді Елена Даниленко. Қазіргі күні қала тұрғыны 7 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Бүгін көпбалалы шаңыраққа еріктілер мен аниматорлар келді. Жаны жайсаң жандар балаларды мейрамдарымен құттықтап, ойыншықтар үлестірді.

Елена Даниленко жұбайымен бірге 7 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. Балалардың кенжесі 6 жаста. Алтын құрсақты ананың үйіне бүгін еріктілер кірді. Мейірімді жандар көпбалалы отбасыға азық-түлік пен ойыншықтар ала келіпті. Қастарында аниматорлар да бар. Олар балаларды мерекемен құттықтап базарлықтарын таратты.

Үйдің кенжесі Иван 6 жаста. Күзде 1-ші сыныпқа барады екен. Балақай еріктілердің келгеніне қатты қуанды. Бүгін ол сыйлыққа тоғызқұмалақ ойынын алды. Иван жаны жайсаң жандарға рақмет айтып, алғысын білдірді.

Иван Даниленко:

– Тоғызқұмалақты үйде әпкем ғана ойнай алады. Мен енді одан үйренетін боламын. Бұл ойыншық маған қатты ұнады. Көп рақмет.

Кейбір кісілер бала тәрбиелеу өте қиын деп айтады. Мен мұнымен келіспеймін дейді Елена Даниленко. Айтуынша отбасында бала қаншалықты көп болса үй де соншалықты береке мен ырысқа толады.

Елена Даниленко – көпбалалы ана:

– Балалар көп болса оларды бағу да оңай секілді. Өйткені, біздің үйде ұл-қыздардың барлығы бір-біріне қарайласып, көмектесіп жүреді. Бірге сабақ оқиды, үлкендері – күйеуім екеуімізге жақсы қолғанат. Кішілердің киім-кешегін жуып, тамақтарын да өздері пісіре береді.

Бұл шараның ұйымдастырылуына мұрындық болып отырған жергілікті кәсіпкерлер екен. Қалталы азаматтар төтенше жағдай уақтытында да 100-ден аса көпбалалы отбасыға жәрдем көрсетіпті.

Бақдәулет Сапарханов – қалалық жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы:

– Жастар ресурстық орталығы және “Лидер.кз” ұйымымен бірге қаламыздағы көпбалалы отбасыларды мерекемен құттықтап, азық-түлік, ойыншықтар таратып жүрміз.

Жалпы, еріктілер бүгін 10-ға жуық көпбалалы отбасының үйіне кіріп, ұл-қыздарды мерекелерімен құттықтады.

 

 

Бердимурат Баймухан

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды
СҚО-да аң аулау маусымы жүріп жатыр
500 петропавлдық ыстық сусыз және жылусыз қалды
Тілдер мерекесі қарсаңында жергілікті мамандар жиын өткізді
Ана үйінде шеберлік сағаты өтті
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні
Облыстық кітапхана жаңа кітаптармен толықты
Қоғамдық кеселмен бірлесіп күресу керек
Қыркүйектің 2-ші жексенбісі – Отбасы күні
М.Жұмабаев ауданында 11 әлеуметтік нысан биоотынмен жылытылады
«Жасыл ел» жобасының кезекті еңбек маусымы аяқталуға жақын
СҚО-да “Аға сеньорлар” жобасы жүзеге асуда