COVID-19: Қазақстан

Өңірде COVID-19 жұқтырған тағы 5 адам тіркелді

Өңірде тағы 5 адамның бойынан COVID-19 анықталды. Бесеуі де көрші Ресейден келген солтүстікқазақстандықтар.

Ер азаматтардың жастары 29 бен 48-дің аралығында. Науқастар қазір бірінші қалалық аурухананың инфекциялық бөлімшесінде ем алып жатыр. Жалпы, бүгінде облыс аумағында коронавирусты жұқтыру бойынша 59 жағдай тіркелген. Дертінен құлан-таза айығып шыққандардың саны – 35.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы