Халық тарих толқынында

Қуғын-сүргін құрбандарына арналған жыр жолдары

“Алаш алыптарына тағзым”, “Әбілмағжан” және “Мағжан атындағы алаң”. Жергілікті ақындар қуғын-сүргін құрбандарына арнап өлең жазды. Жүрекжарды туындыларда жазықсыз жала жабылған жандардың қиындыққа толы өмірі баяндалады.

Өлең жолдарындағы қылыштай өткір сөздер бұрынғы қазақ ұлдарының өткенінен сыр шертеді. Туындыны теріскейлік жас ақын Самрат Құскенов саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап жазған. Осылайша, ол жазықсыз жазалы атанған жандарды жүрекжарды өлеңімен еске алды.

Самрат Құскенов – ақын:

–  Қаншама солтүстікқазақстандық қуғынға ұшырады. Солар жайлы ақпараттарды оқып, өзіміз секілді жастарға айтып жүрмін.

“Саяси қуғын-сүргін құрбандары”, “Алаш алыптарына тағзым” және “Әбілмағжан”. Бұл шығармашыл жанның репрессия құрбандарының рухына арнап жазған жалғыз өлеңі емес. Оның қаламынан туған туындылардың шамамен 100-ден астамы осы тақырыпты қамтыған.

Самрат Құскенов – ақын:

–  Ұлы ақын-жазушылар қуғын-сүргінге ұшыраған жандар жайлы жазып ұлықтаған. Олардың туындыларын оқып мен де шабыт аламын.

Ал Татьяна Пенькошина жылда Мағжан Жұмабаев ескерткішінің жанына келіп, ақын рухына тағзым етеді. Әйгілі жерлесіміз аз ғана ғұмырында мәңгі өшпейтін рухани мол мұра қалдырды. Оның өміршең жырлары адамға жалын береді.

Мағжан атындағы аумақ». Татьяна Пенькошина ұлы ақынға арнап өз өлеңін де жазған.

Татьяна Пенькошина – ақын:

–  Мағжан Жұмабаев – менің ең сүйікті ақыным. Оның өлеңдерін оқи отырып бойыма жігер мен күш аламын. Жас буын осындай азаматтарды жадынан шығармау керек. Ұлы тұлғалардың есімдерін ұмытпай, еңбегін қадірлеу-қастерлеу – біздің және келешек ұрпақтың асыл парызы.

Татьяна Пенькошина мамырдың 31-і күні қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қоймақ.

Маржан Қасымбек