Халық тарих толқынында

Смағұл Сәдуақасовтың 120 жылдығына орай онлайн конференция өтті

Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді. Бүгін Смағұл Сәдуақасовтың 120 жылдығына орай “Алаштың ардақты ұлы” атты халықаралық конференция өтті. Шараны М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың ұжымы ұйымдастырған.

Онлайн жиынға профессорлар, архив қызметкерлері, ҚХА мүшелері қатысты. Сондай-ақ, Ресей және Түркия елдерінің ғалымдары да ат салысқан. Смағұл Сәдуақасов – белгілі мемлекет қайраткері, публицист, жазушы, әдеби сыншы. Қамшының сабындай қысқа өмірінде азаматтың «Жастармен әңгіме», «Ұлт театры туралы», «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» сияқты құнды кітаптары жарық көріпті. Бүгінде бұл дүниелер ұрпақтан-ұраққа асыл қазына болып сақталып келеді.

Гүлбахша Мұсабаева – тарихшы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

– Қазіргі уақытта да жастарға жазған еңбектері, білім саласындағы ректор ретіндегі ойлары өте өзекті. Оның ішінде ең бастысы жастарды этнопедагогика арқылы қазақтың дәстүрі, рухани байлығы арқылы тәрбиелеу туралы мәселе қозғаған.

Актолкын Солтанханкызы