Қоғам

ҚХА көпбалалы отбасыларға тарту жасады

Түрлі түсті шарлар, тәттілер мен гүл. Мұндай сыйлықтарды “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының өкілдері көпбалалы отбасыға арнап әзірлеп жатыр.

Тарту-таралғыларымен олар Ғалия Каймульдинаның үйіне келді. Нәзікжанды жұбайымен бірге 7 бала тәрбиелеп отыр екен. Үйдің үлкені 14-те, ал кенжесі кеше ғана қырқынан шығыпты.
Жалпы, челлендж аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері 20-ға жуық көпбалалы отбасыға сыйлық жасауды жоспарлауда.

Ғалия Каймульдина – көпбалалы ана:

– Сыйлықтарға көп рахмет. Мереке қарасаңында балалардың көңіл күйі көтеріліп қалды.

Актолкын Солтанханкызы