МТРА жаңалықтары

100 бас мал баптап отырған еңбекқор нәзіжанды

Мал шауашылығы тек ер азаматтардың кәсібі деп кім айтты?! М.Жұмабаев ауданында еңбекқор нәзікжанды ірі қара баптап отыр.

Бәтима Шарманова қыздарымен былтыр өңірге елордадан көшіп келген. Мемлекеттік бағдарлама бойынша Словакиядан симментал сиырларының 100 басын әкеліп, шаруашылық ашқан. Қазір ірі қара – жайылымдарда, қысқа қарай төлдеп, сүт бере бастауы тиіс. Жылына кәсіпкер ақтың 450 тоннасын өндіріп, жергілікті зауыттарға өткізбекші. Бүгінде база салып, ішіне сауу қондырғысы мен салқындатқыш танкерлерді орнатып жатқан көрінеді. Әйел адамға тән емес кәсіп түрін қолға алу шешімін Бәтима ханым ауылда өскендікпен байланыстырады, ал іс бастау үшін Солтүстік Қазақстанды таңдаудағы себеп – өлкенің шүйгін шөбі мен жайсаң жайылымдары дейді. Бизнесвуменмен кездескен аймақ басшысы жергілікті биліктің оған қолдау көрсетуге әзір екенін айтты. Ал Советское ауылында отбасылық бизнес дамып жатыр. Тулетаевтар жанұясы құс өсіреді. Бройлер тауықтары, үйрек пен қаз балапандарын баптап, саудаға шығарумен айналысады. Жуырда мемлекеттен жеңілдетілген несие рәсімдеп, өндіріс үшін су жаңа инкубаторлар алған.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Кішкентай ғана шаруашылық, отбасылық бизнес. Күйеуі, әйелі, шешесу, екі баласы күні-түні бірге жұмыс істейді. Ай сайын 1 млн-нан аса өнім шығарады. Өздері де байып жатыр.

Саят Ермек