МТРА жаңалықтары

Жер қатынастары саласындағы қызметтер онлайн көрсетіледі

Жер алуға қатысты құжат рәсімдеу, жер теліміне кезекке тұру, топырақ құндылығын қалпына келтіру.

Жер қатынастары саласында көрсетілетін 10 қызметтің 9-ы онлайн жүйеге көшірілді. Енді тұрғындардың өздеріне қажетті құжаттарды еgov.kz веб-порталы арқылы алуға мүмкіндіктері бар. Ал соңғысы тек мамандардың көмегімен, яғни халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асырылады.

Жалғас Сүлейменов – СҚО жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– 4 айда азаматтарға 1471 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның мың екі жүзге жуығы – электронды жүйеде, яғни еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылды. Ал қалғаны халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімделді.

Маржан Касымбек