Құқық қорғау органдары

Полицейлер балаларға жолда жүру ережелерін түсіндірді

Өңірде жыл басынан бері балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы болған. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қазір ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына екпін беріп отыр. 

– Если есть велосипеды – нельзя проезжать на велосипедах по пешеходному переходу, через перекресток. Велосипед нужно перевозить, держа в руках. Возьмите памятки, прочитайте. Будьте аккуратны.

Тәртіп сақшылары осылай жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де түсіндіріп, жол апатының алдын алу шараларын өткізуде. Бүгінде бұл акцияға полиция қызметкерлерінің балалары қатысып жатыр. Ұл-қыздар өздерінің қатарластарына қағаз таратып, жалпыға ортақ қағиданы сақтауға шақыруда.

– При переходе пешеходного перехода нужно остановиться и посмотреть налево, а потом направо.

Дана Шарипова – қалалық ПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы:

– Балалардың жазғы демалысының басталуына байланысты біз бүгін көшелерге шығып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Оның барысында жолда жүру ережелерін, сондай-ақ, жақында суға түсу маусымы басталғандықтан тек рұқсат етілген орындарда түсу қажет екенін ескерттік. Көшелерден өткенде балаларды қолдарынан ұстап өтіңіздер! Құрметті ата-аналар, мұқият болыңыздар!

Жыл басынан бері өңірде балалардың қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 1 бала көз жұмып, 5 жеткіншек жарақат алған.

Полицейлер ата-аналарға, әсіресе, қазіргі жазғы демалыс кезінде балаларға ерекше назар аудару қажеттігін қаперге салды.

Актолкын Солтанханкызы