Қоғам

Облыс орталығындағы ескі зираттар қоқыстан тазартылып жатыр

Облыс орталығындағы ескі зираттар қоқыстан тазартылып жатыр.

Істі жергілікті серіктестіктің 10-ға жуық қызметкері атқаруда. Олар қазір Жұмысшы кентіндегі және Новопавловкадағы бейіттерді тазалауда. Зираттарды кір-қоқыстан арылту жұмыстарын маусым айында аяқтау жоспарланып отыр. Сәуірден бері молалардың маңынан 100 тонна қоқыс шығарылған екен.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қалалық әкімдік “RICH NOMAD NORD” серіктестігімен келісім шартқа отырған болатын. Жүк артқыш машина мен 4 камаз жұмылдырылған.  

Маржан Касымбек