Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық жас кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетілуде

Ата кәсіпті нәсіп еткен жас жігіт. М.Жұмабаев ауданының тұрғыны Назарбай Қалиев есімді азамат осымен 5-ші жыл мал өсірумен айналысып жатыр.

Бизнесін ол мемлекеттік қолдаудың көмегімен бастаған. Алғашқы кезеңде Назарбай “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы арқылы 800 мың теңгеге жеңілдетілген несие алыпты. Ал бүгінде 14 жылқысы, 12 сиыры және 80 бас қойы бар. Биыл М.Жұмабаев ауданының бір өзінде кәсібін жаңа бастаған 17 іскер азаматқа “Еңбек” бағдарламасының аясында 73 млн теңгенің жеңілдетілген несиесі берілген. Яғни, ауылдардағы бизнесмендердің қатары қалыңдауда.

Актолкын Солтанханкызы