Құқық қорғау органдары

Көші-қон қызметі тұрғындардың сауалдарына жауап берді

Еңбек мигранттары маусымның онына дейін құқықтық мәртебесін растауы тиіс, өйтпесе өз елдеріне қайтарылады. Бүгінге дейін 500-ге тарта шетелдік жұмысшы өңір аумағында ақша табу үшін жүргенін растаған. Бұл жайлы облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі мәлімдеді. Мамандар азаматтармен онлайн-байланысқа шығып, бір сағаттың ішінде 30-дан астам сұраққа жауап берді.

Көші-қон қызметкерлері тұрғындармен онлайн диалог құрды. Мамандар эфир барысында халыққа заңнама нормаларын түсіндіріп, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Және карантин кезінде орын алған өзгерістерге тоқталып өтті.

– Какова ситуация с трудовыми мигрантами? – Да, до 10 июля необходимо определить свой правовой статус, иностранным гражданам, либо покинуть территорию. Сейчас данная услуга очень востребована, граждан обращается много. Например, на сегодняшний день уже узаконили свой правовой статус более 460 иностранных граждан. В основном это те, кто осуществляет трудовую деятельность на территории РК.

Бір сағаттың ішінде құзырлы орган өкілдеріне тұрғындардың тарапынан 30-дан астам сұрақ келіп түскен. Тұрғылықты мекен-жайға бару үшін қандай құжат қажет, мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікті қалай ауыстыруға болады? Азаматтарды мазалаған сауалдардың дені осындай.

Жанат Сағынтай – СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

 – Карантин кезінде төлқұжаттарының, жеке куәліктерінің мерзімі өткен азаматтардан Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінулерін сұраймыз. Біздің басқарманың 34-00-30, 34-00-50, 34-00-23, 34-00-35, 34-00-29 телефондары тұрғындар үшін жұмыс істейді.

Алдағы уақытта полицейлер кезекті онлайн диалог өткізуді жоспарлап отыр. Әлеуметтік желі арқылы келесі тікелей эфир көлік құралдарын тіркеу тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналмақ.

 

Маржан Касымбек