Мәдениет

“Әлқисса” фольклорлық ансамблі онлайн концерт берді

Әуезді ән мен күмбірлеген күй. Өткен демалыс күндері жергілікті “Әлқисса” фольклорлық ансамблінің жеке кеші өтті. 1 сағатқа жалғасқан онлайн концертте өнерсүйер қауым дәстүрлі ән-күйлерді тыңдай алды.

Домбыра, жетіген, қобыз секілді ұлттық аспаптарды тоғыстырған «Әлқисса» фольклорлық ансамблі. Ұжым халық әндері мен күй-жырларымызды нақышына келтіріп әлемдік сахналарда талай рет өнер көрсетті. Бірақ, бүгінгі кеш өзгелерден ерекше дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Руслан Асылхан. Оның айтуынша, әртістер онлайн концертке ұзақ уақыт дайындалыпты.

Руслан Асылхан – «Әлқисса» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі: 

– Whatsapp, Zoom желісі арқылы сөйлесіп, олар бізге видеоларын жіберіп, дайындалдық. Бірақ, шығарма өзінің деңгейіне жетпей қалып жатады.

Биыл «Әлқисса» фольклорлық ансамбліне 12 жыл толып отыр. Осы аралықта көрерменге лық толы залда өнер көрсетіп үйренген әншілер бүгінгі форматтың өзіндік қиындықтары бар екенін айта кетті.

Ғалымжан Нүрпейісов – «Әлқисса» фольклорлық ансамблінің солисі:

– Онлайн концерт берген қиын. Себебі, халықпен жұмыс істеп үйренгеннен кейін лық толы зал бізге бір демеу беретін еді. Бірақ, қазір тек жалғыз объективке қарау керек болып жатады.

Коцерттік бағдарламада әртістер 10-нан астам шығарма орындады. Жалпы, бұл – өнер ұжымының осы маусымдағы соңғы кеші.

Актолкын Солтанханкызы