МТРА жаңалықтары

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Петропавлдағы «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында
4 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қалыпқа келтіру жұмыстарына жергілікті мердігер жауапты. Нысанда 30-дан аса адам еңбектенуде. Бүгін мониторингілік топ өкілдері мұражай кешеніне бас сұғып, жұмыстың барысы мен сапасын бағамдады.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені 2008 жылы ашылды. Бүгінде дейін, яғни 12 жылдың бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген екен. Өйткені, кезінде жаңғырту жұмыстары сапалы атқарылғандықтан нәтижесі біраз уақытқа шыдас берді. Тек соңғы кездері ғана нысанның айласындағы тас төсеніштер жарылып, мүжіле бастаған көрінеді.

Аян Садаев – «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенінің директоры:

– Жұмыс мамыр айында басталды. Істі «Мирас» компаниясы атқарып жатыр.

Жергілікті мердігер компанияның жұмысшылары нысанның сыртын сырлап-әрлеп жатыр. Қалғандары керамогранит плиткаларын, баспалдақтың зақым келген бөліктерін ауыстыру үстінде. Жалпы, бұл мақсатқа «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында 33 млн 749 мың теңге бөлініп отыр.

Тиісті жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бірақ, оның орындалу сапасы қалай? Бұны тексермекке «Nur Otan»-ның жанынан құрылған мониторингілік топ өкілдері келді.

Біржан Жалғасбаев – «Nur Otan» партиясы СҚОФ жанындағы мониторингілік тобының төрағасы:

– Жұмысты кімдер атқарып жатыр? Жөндеу жұмысының деңгейі қандай? Қанша ақша бөлінді? Осы сынды сұрақтардың жауабын алып жатырмыз. 

– Тас төсеуіштер жайында сұрақтар туындап жатыр. 1 жылдан кейін оны сапасы сын көтермей қалмай ма? Өздеріңіз білетіндей өңірде қар мен жаңбыр көп жауады.

Сұрақтар қойылды. Жауабы да дайын. Тас төсеуіштер кем дегенде 5 жылға шыдас береді. Егер 2 жылдың ішінде сыр беретін болса, мердігер өз есебінен қалыпқа келтіреді.

Маржан Касымбек