COVID-19: Қазақстан

СҚО-да COVID-19-ды жұқтырып алған 6 адам анықталды

Тағы да коронавирус табылды.

Өңірде өткен сенбі күні COVID-19-ды жұқтырып алған 6 адам анықталды. Алтауы да көрші Ресейден келіпті. Науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілер байқалмайтын көрінеді. Еске сала кетейік, 2 ел арасындағы шекара бекеттерінде індеттің таралуына жол бермеу мақсатында жіті тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Өткен-кеткен жолаушылар COVID-19-ға анализ тапсырады. Негізі, коронавирус пайда болғалы бері облыста барлығы 46 жағдай тіркеліп отыр. 33 науқас дертінен құлантаза айығып шықты.

Маржан Касымбек