Қоғам

Бәйтерек ауылының тұрғыны соңғы қоңырау салтанатын үйінде ұйымдастырған

Соңғы қоңырау салтанатын мектепте емес үйде ұйымдастырған. Әрі оқшаулану, әрі мерекені де ұмытпапты.

Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылында тұратын отбасы 25 мамыр күніне осындай креативпен келген. Табылған ақыл! Үйдің үлкені Нұрсұлтан биыл 9-сыныпты тәмамдаған екен. Ата-анасы үйде кәдімгідей салнатты шара ұйымдастырып, бөлмені әдемі қылып безендірген. Нұрсұлтан мен інісі өз кезегінде алғыстарын білдіріп, сабақтарын алдағы уақытта да жақсы оқитындықтарын айтқан.

Гүлжанат Төлебаева – Бәйтерек ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Атағасымен ақылдасып, баламызға осындай шағын тосын сый дайындадық.