МТРА жаңалықтары

Қауіпсіздік шараларының сақталуы – назарда

Санитарлық талаптар сақталып жатыр ма? Петропавлда өз жұмысын қайта бастаған мекемелерде ережелердің ескерілуі жіті назарға алынды.

Осы орайда тәртіп сақшылары мен санитар мамандардан 10-ға жуық топ құрылған. Тексерушілер тиісті нысандарда ара қашықтықтың сақталуын, адамдардың бетперде киюін қадағалайды. 3 күнде полицейлер және  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері шаһарда 97 нысанға бас сұққан. Кемшін тұстар ескерту айтумен шектеліпті.

Ақтолқын Солтанханқызы