Қоғам

Жеке сектор тұрғындары қоқыс шығару қызметі үшін төлем жасауға міндеттелуде

Петропавлдың шеткері орналасқан аудандарында тұрмыстық қалдық төгетін контейнерлер жоқтың қасы. Салдарынан қоқыстан аяқ алып жүргісіз.

Әкімдік мамандарының айтуынша жер үйде тұратын адамдар қоқыс шығарумен айналысатын кәсіпорындарға төлеуге құлықсыз. Сол себепті, баспаналарының аумағына контейнер қоюға келісе қоймайды. Есесіне өзгенің жәшігін толтырып, жақын маңайдағы шұңқырға төге салады. Қоқыс мәселесімен күресте бірден-бір амал – қатты қалдықты төгу үшін жеке сектор тұрғындарынан жаппай төлем алу дейді мамандар. Нәтижесінде ықшам аудан түгел контейнермен қамтылып, айнала ыбырсып жатпайды. Жалпы, бүгінде облыс орталығында 219 мың адам тұрады екен. Қалдық шығару жөніндегі келісім шарт тек 144 мыңымен ғана жасалыпты.

Асхат Рамазанов – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы:

– Тұрғындар қоқыс шығарумен айналысатын кәсіпорынға – 220, ал жеке сектордағылар 234 теңге төлейді. Бүгінде қалада аталған қызметті 4 компания іске асыруда. Қазір жеке секторда тұратын адамдардың ортақ тізімі құрылып жатыр. Азаматтар жауапты мекемемен келісім жасаспаған болса да төлем жасауға міндеттелмек

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова