Білім

“Үздік педагог” республикалық байқауы қашықтықтан өтіп жатыр

“Үздік педагог” республикалық конкурсының облыстық кезеңі бастау алды. Байқаудың екі сатысы да онлайн түрде өтеді.

Дүбірлі додада 109 педагог бақ сынамақ. Жеңімпаз 3 млн теңгені қанжығаға байлайды. Айта кетейік, жергілікті әдістемелік және ақпараттық технология орталығында төтенше жағдай кезінде де түрлі байқаулар ұйымдастырылған болатын. Олардың барлығы қашықтықтан ұйымдастырылды. Бүгінде бірқатарының нәтижесі жарияланып отыр. Мәселен, “Үздік химия және биология кабинеті” байқауында Мамлют мектеп-гимназиясы үздік атанса, “Үздік қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті” сайысында Саумалкөл қазақ мектебі алдыңғы орыннан көрінген.

Болатхан Жүсіпов – СҚО білім басқармасы білім саласындағы әдістемелік және ақпараттық технология орталығы директорының орынбасары:

– Биыл тағы да бір конкурс жариялаған болатынбыз. “Ең үздік менеджер” байқауы. Биыл өңірде мұндай конкурс алғаш рет өтті. Байқауға білім мекемелерінің басшылары қатысты. Жалпы, 31 қатысушы болды.

 

 

 

Ешкенова Дана