Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары автобустарды тексеруде

Автобус жүргізушілері мен жолаушылар маска киіп отырулары тиіс.

Қаладағы қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар сақталып жатыр ма?
Тәртіп сақшылары мен санитар мамандар автобустарды аралап жүр. Ереже бұзғандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бірақ, әзірге, тексерушілер ескертумен ғана шектелуде.

Дулат Байтусов – Петропавл қалалық ПБ ППБҚ аға инспекторы:

– Автобус соңғы аялдамаға келіп тоқтаған кезде міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс. Рөлде отырған адамда маска мен антисептик болуы керек. Санитар мамандармен бірге тексеру шараларын жиі жүргізбекшіміз.

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек