Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылар профилақтикалық іс-шара жүргізуде

Самокат, скутер, велосипед. Аталған қозғалыс құралдарының қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі болып жатады. Тәртіп сақшылары қазір тұрғындар арасында көшедегі апаттардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мәселен, велосипедпен қалай қозғалу қажет, бағдаршамнан қалай өту керек? Бұндай жіті түсіндіру шарасы жалпы статистиканы азайтуға септеседі дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары жаз кезінде мүлік ұрлығының да жиілейтінін алға тартып отыр. Осы орайда тұрғындарға, әсіресе, қозғалыс құралдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.

Евгений Соловьев – СҚО бойынша іздестіру жасағының жетекшісі:

– Жаз басталысымен велосипед ұрлығы көбейеді. Тұрғындар сақтық танытулары қажет. Бүгінгі түсіндіру жұмыстарына еріктілер де қатысып жатыр. Олар санаулы сағаттың ішінде 100-ден аса жаднама таратып шықты.

 

Эльмира Садвокасова