МТРА жаңалықтары

Уәлиханов ауданында “Ашық әкімдік” ашылды

“Қызылжар – адалдық алаңы” жобасы аясында өңірде сегізінші “Ашық әкімдік” ашылды. Сервистік орталық бүгін шалғайдағы Уәлиханов ауданында жұмысын бастады.

Фронт-офистің жұмысы және материалдық базасымен аймақ басшысының жаңа орынбасары Ғани Нығметов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік департамент басшысы Ернар Баянғазин танысты. Мұнда өзіне-өзі қызмет көрсету секторы мен азаматтарды қабылдау орны бар. Сондай-ақ, алдағы уақытта мүгедектерді қабылдауға арналған арнайы бөлме жарақтау – жоспарда. Орталықта уәлихановтықтар мемлекеттік қызметтің 40-тан астам түрін ала алады. Бұқарамен байланыс орнатудың мұндай форматы облыста қарқынды ендірілуде. Бүгінде “Ашық әкімдіктер” 7 аудан орталығы мен Петропавлда жұмыс істеп жатыр. Ал жыл соңына қарай сол әкімдіктердің қызметі толықтай «open space» форматына көшірілмек. Бұл жайлы бейнематериал арна эфиріне ертең шығады. Ал біз хабарымызды әрмен қарай жалғастырамыз.

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы