Құқық қорғау органдары

Петропавлда көлік басқарған ер адам 2 әйел мен 3 жасар қызды қағып кетті

Петропавлда 30 жастағы ер адам көлігімен 2 әйел мен 3 жасар қызды қағып кетті.

Оқыс оқиға Жамбыл мен Чайковский көшелерінің қиылысында орын алды. Абырой болғанда ешкім қатты жарақат алмаған. Тиісті медициналық көмектен кейін олар үйлеріне жіберілді. Қазір тәртіп бұзушы құрықталды. Бұған дейін ол масаң күйде көлік айдағаны үшін куәлігінен айырылған екен. Ал бұл жолы азамат сау болған.

Оксана Попова – қалалық ПБ штаб бастығы:

 – Көлік басқарған ер адам жаяу жүргіншілерге жол бермей, бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кетпекші болған. Бұл факті бойынша материалдар сотқа жөнелтіледі.

 

 

Бердимурат Баймухан