Құқық қорғау органдары

Жыл басынан 26 интернет-алаяқтық фактісі әшкереленді

Сатамын дейді, сатып аламын дейді, ал қолға ақша түскеннен кейін ізім-ғайым жоғалады. Жыл басынан өңірде 26 интернет-алаяқтық фактісі әшкереленді. Оңай олжаға кенелемін деген пысықайлардың құрығына ілінбес үшін не істеу керек?

– Много фейковых объявлений. Мы хотели вручить вам памятку по соблюдении мер предостороженности в сети интернет. Часто звонят и представляются работниками банков, пытаются получить вашу личную информацию. Если вы эту информацию скажете, то вы лишитесь своих денежных средств.

Иә, шынымен де интернет-алаяқтық туралы соңғы уақытты жиі еститін болдық. Пысықайлар оңай ақшаға қол жеткізудің түрлі тәсілін ойлап тауыпты. Бірі волонтер болып келеді де қариялардың ақшасын қағады, енді бірі тауар сатамын деп пайдаға кенеледі. Тағы да өзін сатып алушы болып таныстыратындардың схемасы соңғы уақытта “танымалдылыққа” ие боп барады. Алаяқ интернетте телефон, компьютер, жиһаз сынды заттарды саудаға қойған адамдармен байланысып, банк картасының нөмірін сұрайды. Кейін тағы да хабарласып, ақша аудардым, ол сізге түсуі үшін қаржы ұйымынан құпия коды бар смс-тегі сандарды айтуын өтінеді. Осылайша, картадағы барлық ақшаны бір мезетте өзіне аударып алады.

Виталий Подчернин – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Интернеттен тауар алмас бұрын хабарландыруды жіті зерттеу керек, алдын алу төлем жасамаған абзал. Тағы сатушының видеобайланысқа шығуын өтіну қажет. Интернет-алаяқтық жасаған тұлғаларға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция қызметкерлері банк карталарына ұқыпты болу керек дейді. Оларды әмиянның фольгамен қапталған қалтасына салу қажет.

Эльмира Садвокасова