ТКШ

Шаһарда жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Қалада Шоқан Уәлиханов көшесінің 19-шы шағын аудандағы бөлігінде жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мамандар бұл аумаққа 12 баған орнатқан. Өткен аптада басталған шаруаның қазіргі күні 90 пайызы тындырылыпты. Жарық шамдар бүгін кешке іске қосылмақ. Ал алдағы уақытта облыс орталығында тағы 10 көшеге электр қуатын үнемдейтін 900-ден аса жарық шам орнату жоспарланып отыр.

Әсем Айтолла – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы: 

– Қалада соңғы 3 жылда 3 мыңнан астам энергия үнемдейтін жарық шамдар орнатылған. Онымен қоса 1400-ден аса арнайы металл қондырғы орнатылған болатын. 1:36 Биылғы жылы Потанин көшесінің бойында славян стиліндегі арнайы жарық шамдар орнатылады деп жоспарланған.

Актолкын Солтанханкызы