Әр түрлі

Питное көлінде балық қырылып жатыр

М.Жұмабаев ауданындағы Питное көлінде балық қырылып жатыр.

Бұл туралы құзырлы органдарга көлге жақын орналасқан Полудино ауылының тұрғындары хабарлаған. Аумағы 600 гектарды құрайтын көлде 75 тоннадан астам мөңке балығы бар көрінеді. Ал жағаға шығып қалған өлекселердің салмағы 500 келіге жуықтап отыр. Қырылып қалған балықтар санитарлық талаптарға сай өрттеліп, көміледі. Мөңкеден сынама алынып, зертханаға жіберілген.

Ерлан Тәшімов – облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

– Негізі су қоймасы жалға беріледі. Бірақ, мұнда балық аулаумен айналысатын адамның еш кінәсі жоқ. Істің ақ-қарасын арнайы құрылған комиссия анықтайды. Нақты нәтижесі алдағы бірнеше күнде белгілі болады.

Актолкын Солтанханкызы