Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік оқиғасы болды

Петропавлда жол-көлік оқиғасы болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Аяған Шәжімбаев көшелерінің қиылысында “Subaru” мінген ер адам  қарама-қарсы келе жатқан“Volkswagen Passat”-қа жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысып қалды. Бірінші аталған машинаның ішінде отырған 39 жастағы жолаушы дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліпті.

Әлім Мәлік – СҚО ПД ЖПҚ басқармасының инспекторы:

 – Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Петропавл қалалық ПБ ЖПБ қызметкерлері материалдарды жинап, одан әрі іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қаласының ПБ әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды. Жалпы, жыл басынан бері 47 адам жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен. Ал 1-уі көз жұмды.

 

 

 

 

Ешкенова Дана