МТРА жаңалықтары

Өңірдегі карантин режимі тағы да жеңілдетілді

Өңірдегі карантин режимі тағы да жеңілдетілді. Бүгіннен бастап облыс бойынша шаһар мен аудандарды байланыстыратын автобустар жұмысын бастады.

Сәрсенбіден солтүстікқазақстандықтар ойын-сауық және фитнес орталықтарына бара алады. Шаруасын қоғамдық моншалар да қайта жандандырды. Бірақ, талап – баяғыша, санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

–  Өңір бойынша жұмысқа тағы 6,5 мың адам шығады. Жалпы карантин шаралары жеңілдетіле бастағалы қызметтеріне қайта 79 жарым мың солтүстікқазақстандық оралды. Әлі де пандемия салдарынан үйде отырған тұрғындар бар. Бірақ, олардың үлесі өте аз.

Эльмира Садвокасова