Білім

“Өрлеу” орталығының мамандары вебинар өткізіп жатыр

“Өрлеу” орталығының жергілікті филиалында өткен жылдың желтоқсан айынан бері вебинар сабақтар өтіп жатыр. Осымен 7-ші мәрте ұйымдастырылып отырған іс-шараға шағын жинақты мектептердің мұғалімдері қатысуда.

Вебинар сабақ “Ауыл-ел бесiгi” жобасы аясында қолға алынған. Оның барысында ұстаздарға жаңаша оқытудың тиімді әдістері түсіндіріледі. Педагогтармен жергілікті орталықтың қызметкерлері ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінен білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөліседі. Бүгінгі күні шараға қатысушы жандардың саны 100-ден асып отыр. Жалпы, қазір облысымызда шағын жинақты 366 мектеп бар екен.

Қарашаш Жамантаева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” аға ұстазы:

– Ауылдық және қалалық мектептердің жағдайларын шама-шарқынша теңестіру қажет. Сондықтан, біздің филиал өзінің жоспары бойынша іс-шараларды өткізуде. Әуелде вебинарларға 30-40 ұстаз қатысатын. Бүгінде олардың саны 100-ге дейін жетеді.

 

 

Актолкын Солтанханкызы