Бизнес және экономика

Кәсібінен нәсіп тапқан Маскютовтар отбасы

Айыртау ауданындағы Имантау ауылында әрбір оныншы жанұя / көкөніс немесе гүл өсірумен айналысады. Солардың бірі – Максютовтар отбасы. Биыл ерлі-зайыпты Рашит пен Еленаның гүл бизнесімен айналысып жүргеніне 10 жыл толып отыр.

Іскер отбасы бастапқы кезеңде жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс істепті. Кейін, біраз тәжірибе жинап, өз кәсібін ашуды жөн көрген. Бүгінде Максютовтар отбасы жылыжайда гүлдің / шырайгүл, орхидея, виОла, барқытгүл сияқты түрлерін өсіреді. Онымен қоса, қызанақ, қияр, қырыққабат, баялды сынды көкөніс отырғызады. Іскер ерлі-зайыпты өсімдіктерді жергілікті тапсырыс берушілерден бөлек, Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау және Қостанай қалаларына жеткізеді екен.

Актолкын Солтанханкызы