COVID-19: Қазақстан

Өңірде тағы 2 адамнан коронавирус табылды

Өңірде тағы 2 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Індетке шалдыққандардың бірі – 20 жастағы студент.

Ол мамырдың 15-і күні Түмен қаласынан  Мамлют ауданындағы “Жаңажол” бекеті арқылы өңірге келген. Жолаушыдан бірден COVID-19 инфекциясын анықтауға арналған сараптама алынып, карантиндік стационарға оқшауландырылған. Ал екінші жағдай мамырдың 16-сы күні Омбы қаласынан келген 32 жастағы жүк тасмалдаушыдан тіркелді. Қазіргі таңда науқастармен потенциалды қарым-қатынаста болғандар анықталуда. Бүгінде өңірде провизорлық стационарда – 35, карантиндік стационарда 162 адам жатыр, ал 384 солтүстікқазақстандық үйлерінде оқшауланған.

Ешкенова Дана