Құқық қорғау органдары

18 мамыр – Халықаралық музей күні

Облыстық полиция департаментінің музейі 30 жыл бұрын құрылған. Мұнда 2-ақ қызметкер жұмыс істейді. Қос маман тырнақтап жиған 4 мыңнан астам жәдігерді көздің қарашығындай сақтап келеді. Өңірдің бас тәртіп сақшысы Марат Төлебаев Халықаралық музей күнінде мәдениет ошағының қызметкерлерін құттықтады.

Музейдегі жәдігерлердің ең көне дегендері мына бұрышта орналасқан. Мұнда 1960 жылы қызметкерлердің киген киімдерінен бастап алған марапаттары, тіпті кейбір маңызды құжаттарына дейін бар. Ал мына жерге патронаж мейірбекелерінің дәрігерлік қалтасы қойылыпты. Шамаданның ішінде медициналық құралдардың барлығы сақталған екен. Құнды дүниелерді тұрғындардың өздері әкеліп тапсырған.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Кез келген ведомствоның тарихы адамдардың есімдері, істері және тағдырларымен жазылады. Тарих парақтарын қалпына келтіру, сақтау, дамыту, ісімен ПД музейі айналысады. Бай тарихты сақтап қана қоймай рухани құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізудің жолы – музей.

Тәртіп сақшысы Евгений Шнайдер жәдігерлерді тамашалауға жылда келеді. Оның әкесі Давыд Кондратьевич Ауған соғысына қатысқан. Кейін талай жыл ішкі істер органдарында қызмет етіп, зейнетке шыққан екен. Мұнда ардагердің фотосуреттері, төсбелгілері мен жеке заттары сақталып тұр.

Евгений Шнайдер – Петропавл қалалық ПБ ЖППБ взвод командирінің орынбасары:

– Әкем жол полициясында 25 жыл бойы қызмет етті. Ол жұмысына асқан жауапкершікпен қарады. Зейнетке шығып, қазір немерелерін тәрбиелеумен айналысуда. Оның жолын қуып, мен де тәртіп сақшысы атандым.

Шанышқы, револьвер, қанжар және тапанша. Музейде кезінде қылмыскерлерден тәркіленіп алынған заттар да тұр. Мұнда барлығы 4 мыңға жуық жәдігер бар.

Любовь Осинская – СҚО ПД музейінің меңгерушісі:

– Полиция департаментінің музейі 1989 жылы құрылған болатын. Содан бері тәртіп сақшыларына қатысты мәліметтерді зерделеп, құнды деген дүниелерді жинақтап келеміз. Жәдігерлерді жергілікті архивтен және ардагерлердің өздерінен алдық. Бұл дүниелерді жылда жас мамандар мен оқушыларға көрсетеміз.

Мерекелік шара барысында музей қызметкерлерін өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев құтықтады. Мамандарға жүрекжарды тілектерін айтып, гүл шоқтарын табыс етті.

Маржан Касымбек