Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік оқиғасы орын алды

Петропавлда тағы да жол-көлік апаты тіркелді. Оқиға Мамлютка тас жолында кеше кешкі 7-ден аса орын алды. “Ниссан” маркалы машинаның жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған көрінеді. Салдарынан 54 жастағы нәзікжанды басқарған шетел көлігі көшенің қарсы бетіне шығып кетіп, өрт сөндірушілердің «КаМАЗ» көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан көріп тұрғандарыңыздай, темір тұлпардың алдыңғы сол жақ қапталы зақымданған.

Асан Қасенов – Петропавл қалалық ПБ ППБ қызмет инспекторы:

– “Ниссан” автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Ал 83-тегі жолаушыға дәрігердің көмегі көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Камаздағы екі адам дін аман.

Эльмира Садвокасова