ТЖ

Өткен аптада өңірде 96 төтенше жағдай тіркелген

Өңірде дала өрті тыйылар емес. Соңғы оқиға мамырдың 10-ы күні М.Жұмабаев ауданындағы Полтовка селосының маңында – “Булаевское” шаруашылығында тіркелді.

Алдымен құрғақ шөп отқа оранған. Кейін қызыл жалын жақын жерде орналасқан орманға ауысқан. Мамандардың сөзінше, тілсіз жау 12 гектар аумаққа зиян келтіріпті. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің неден шыққаны және шығын көлемі анықталып жатыр. Жалпы, өткен аптада өңірде 100-ге тарта төтенше жағдай орын алған. Осыған байланысты тексеріс шаралары күшейтілген. Мәселен, мамырдың 4-і мен 10-ы аралығында 18 рейд ұйымдастырылған. Нәтижесінде құрғақ жөп жандырған 12 тұлға анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Өткен аптада облыс аумағында 96 төтенше жағдай тіркелді. Қауіпсіз жерге 25 адам эвакуцияланды. Оның 5-уі – бала.

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы