COVID-19: Қазақстан

СҚО-да COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 36-ға жетті

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Мамандардың айтуынша өлкемізге індетті Ресейден оралған қос азамат әкелген.

Нақтырақ айтсақ, Түмен қаласында оқып жүрген әскери училищенің курсанттары. Жұқтырғандар – 1997 және 2001 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматтары. Олар облыс аумағына Мамлют ауданында орналасқан Жаңажол бекеті арқылы өтіпті. Жастар келе салысымен бірден COVID-19-ға тексеріліп, Мамлютка қаласының карантиндік стационарына жатқызылған. Зерттеу нәтижелері шыққан соң Петропавл қаласының Бірінші қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылды.

 

 

 

Бердимурат Баймухан