Халық тарих толқынында

Соғыс ардагерлеріне бірреттік сыйақы берілді

Ерлердің ерлігіне тағзым. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге бірреттік сыйақы берілді. Майданда от кешкен 52 солтүстікқазақстандыққа 1 млн теңгеден табыс етілді. Ал тылда тер төккен жандардың әрқайсысына 30 мың теңгеден табысталды.

Өткен жылы солтүстікқазақстандықтар Жеңіс күнін дәл осылай қарсы алған болатын. Қаланың әр бұрышында салтанатты шаралар өтіп, негізгі көшелерде шеру ұйымдастырылған еді. Бірақ, коронавирустың таралуына байланысты биыл мұндай жиындар өткізілмейді.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Соғысқа қатысқан жандардың 40 пайызы үйге оралмаған. Ол дегеніміз әрбір 2-ші отбасы әкесіз, ағасыз қалған. Жыл өткен сайын соғыстағы жеңісіміз мағынасын кеңейте бермек. Бүгінгі күні елімізде болып жатқан коронавирус дертін бірігіп жеңеміз.

Иә, бүкіл елді дүрліктірген ауруды бірлігіміз болса ғана жеңіп шығамыз. Кеңес әскерлері де қаныпезер неміс фашистерін осы ауызбіршіліктің арқасында жермек-жексен етті емес пе? Артында қалған туған-туыстары, жақындарына қарамай Отан үшін от кешкен жандардың ерлігі – барлығымыз үшін үлгі.

Ескендір Елеусізов – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Еуропа елдерін фашистерден азат етуде 1 млн сарбаз қаза болған. Польшаны босатуда 600 мың адам жан тапсырды. Чехославакияда – 139 мың, Венгрияда 140 мың адам өмірден озды. Дүниежүзін фашизмнен азат етудегі еңбегі зор.

Зымыраған уақыт өткен сайын соғысқа қатысқан майдангерлердің қатары сиреп барады. Бүгінде облыс бойынша небәрі 52 ардагері қалған. 30-дан қалада тұрады. Ұлы мереке қарсаңында өңір қаһармандарына 1 млн теңгеден берілді. Ал тылда еңбек еткен жандардың әрқайсысына 30 мың теңгеден табыс етіліпті.

Маржан Қасымбек