МТРА жаңалықтары

Петропавлда 1 млн теңгелік әлеуметтік көмекті 36 ҰОС ардагері алады

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 млн теңгеден! Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қарт майдангерлерге осындай әлеуметтік көмек көрсетілмек.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында мұндай төлемақыны 36 зейнеткер алмақ. Сонымен қоса, 30 мың және 100 мың теңге аралығындағы сыйақылар ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, блокадашылар, тыл еңбеккерлері мен өзге де санатқа енген жандарға берілмек. Жалпы, бүгінде өңірде 53 соғыс ардагерінің көзі тірі және 7 жарым мың тыл еңбеккері бар екен.

Актолкын Солтанханкызы