МТРА жаңалықтары

“Мәңгілік полк” акциясы онлайн-режимде өтпек

Ұлы Жеңіс күні еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан теріскейліктер үшін бірқатар онлайн-шара ұйымдастыру жоспарланған. Бұл күні көгілдір экранға түрлі концерттер, мерекелік бағдарламалар мен соғыс ардагерлерінің ұрпақтарымен өткізілген сұхбаттар жол тартпақ. Онымен қоса, жерлестеріміз әлеуметтік желілер арқылы “Жауынгер күнделігінен” атты спектакльді тамашалай алады.
Жылда ұйымдастырылатын “Мәңгілік полк” акциясы да биыл онлайн-режимде өтпек.

Кемел Оспанов – облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: 

– “Мәңгілік полк” онлайн-акциясына 5 солтүстікқазақстандықтың есімдері енгізілді. Олар: Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатов, сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылып, бірақ белгілі бір себептерге байланысты ала алмай қалған Ұлфат Дүйсенов, Шабай Рамазанов, Байзулла Тасибаев, Хайрутдин Қаббасов және Қабжат Тоқбергенов деген жерлестеріміз.

Актолкын Солтанханкызы