Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір шаруалары егіс науқанына дайын

Облысымызда жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров болды. Ол Тайынша, Аққайың аудандарына ат басын бұрып, көктемгі дала жұмыстарымен және жақында ғана шетелден ірі мал әкелген шаруашылықпен танысты. Әңгіме барысында мемлекеттік қолдаулар жайы кеңінен қаузалды.

– Поздравляю всех с началом посевной компаний. Предпосевной начали смотрю, удобрение вносите. Скоро сеять начнете. В принципе все условия созданы со стороны государство.

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Айдарбек Сапаров өңір аграрийлерін егіс науқанының басталуымен құттықтап, бірқатар серіктестік басшыларымен сұхбаттасты. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарды да айқындады. Солардың бірі – минералды тыңайтқыштар көлемін арттыру. Биыл СҚО 130 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарлап отыр. Және бұл өзге өңірлермен салыстырғанда әжептеуір көп.

Айдарбек Сапаров – ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

– Біз бүгін көріп тұрғанымыздай СҚО аграрийлері жаңа техникамен топырақ құнарлығын арттыруды бастап та кетіпті. Ал кейбір аудандар дәнді дақылдарды егуге кіріскен.. Жалпы ел аграрийлеріне бұрыннан айтылып келе жатыр. Әлі де айтамыз, Минералды тыңайтқыштарды сатып алу көлемін арттыруы керек. Себебі, астық өнімділігі Қазақстанда тек 12 центнерді құрайды, ал басқа көршілес елдерде 20 кейде 25 центнерге дейін жетіп жатады.

Бірінші вице-министр сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар жайын да сөз етті. Оның сөзінше, қаржыландыру – көктемгі дала жұмыстарының маңызды бөлігі. Биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен осы бағытқа қосымша 100 млрд теңге бөлінген. Фермерлердің қаражатқа қол жетімділігін арттыру үшін арзандатылған үстемеақы мөлшерлемесімен қаржыландыру қарастырылған.

Айдарбек Сапаров – ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

– Президентіміздің тапсырмасымен биыл қаржыландыру көлемі артып жатыр. Өздеріңіз білесіздер көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі 10 млрд теңгеге ұлғайды. Былтыр 60 млрд болған, биыл 70 млрд теңге. Және «Қарапайым заттар экономикасы бойынша да» қосымша қаражат бөлініп жатыр. Бұл өте үлкен көмек.

Жалпы жерлестеріміз егіс науқанына 100 пайыз дайын. Кейбір серіктестіктер алқап басына мамыр айының 2-сі күні шықса, енді біреулері жаппай 10-ы күні қызу жұмысқа кіріспек. Солардың бірі – «Санта Мария» ЖШС. Егін және мал шаруашылығымен айналысады. Серіктестік қарамағында 20 мың гектар жері және 100 бас ірі қарасы бар.

Павел Леонов – “Санта Мария” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

– Биылғы маусымға дайынбыз. Қазыр минералды тыңайтқыштарды енгізу жұмыстарын да аяқтап жатырмыз. Бидай, майлы дақылдар мен арпа, бұршақ отырғызамыз. Мемлекет толықтай қаражат жағынан қолдап жатыр. Енді жұмысымызды бастауға сақадай саймыз. Өткен жылы майлы дақылдар 311 центнер болса, бидай 20 центнер болды. Жалпы жақсы көрсеткішке ие болдық.

ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров кейін Тайынша ауданына да ат басын бұрды. Серіктестік директорларымен кездесіп, әрбірінің жұмыс қарқынымен танысты. Жалпы биыл еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан кәсіпкерлерге қолдау жақсы. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 100 млрд теңге бөлінген. Несие алушылар үшін де үстемеақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайды. Қаражат 12 айға беріледі. Яғни, несиені осы сәуір айында алса, келесі жылы сәуір айында қайтара алады. Бұрын жылдың аяғында желтоқсан айына дейін қайтару қажет болатын. Бағдарлама қаражатын «Аграрлық несие корпорациясы» және несие серіктестері арқылы, сонымен бірге банктің кепілдігіне алуға болатындығын тағы да қайталап кетті. Сонымен қатар, барлық жергілікті кәсіпкерлерді отандық өнімді қолдауға шақырды.

Тайынша ауданындағы «Вишневское» ЖШС егіс науқанын бастап кеткен.Серіктестік өткен жылдан қалған селитра, карбомит, каркасс сынды минералды тыңайтқыштарды себу арқылы топырақ құнарлығын арттырып, жақсы дайындалдық дейді. Сонымен қатар, өткен жылға қарағанда егіс жұмыстарын 2 апта ерте бастаған.

Павел Рафальский – “Вишневское” ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

– Биыл ауа-райына байланысты барлық дала жұмыстары ерте басталды. Қазір біз егіс жұмыстарына кірісті. Өткен жылы да соя еккен болатынбыз. Себебі соя тұқымы сұранысқа ие деп айтсақ болады. Министрлік тапсырғандай минералды тыңайтқыштарды барынша көп сатып алдық. Және қазіргі уақытта да тапсырыс беріп қойғанбыз. Тыңайтқыштың жаңадын шыққан сұйық карбомид қоспасын қолданып жатырмыз.

Айта кетейік, биыл елімізде егіс алқабының көлемі 237 мың гектарға үлкейген. Дала жұмыстарының қарқынымен танысып болғаннан соң, бірінші вице-министр серіктестік директорларымен жиынын өткізді.
Ал, бұл «Шәймерденов» шаруа қожалығы. Мұнда қазіргі уақытта 450 бас қара мал бар. Олардан күніне 9 тоннаға дейін сүт өндіреді. Өнімді облыс орталығындағы «Маслодел» ЖШС тапсырады. Мамыр айында қожалыққа тағы да Австриядан 70-ке жуық қара мал әкелінбек.

Серік Тілеуленов – “Шәймерденов” ШҚ зоотехнигі, Аққайың ауданы:

– 20 сәуірде 96 симментал тұқымды сиыр әкелінді. Жалпы, сиырлардың бұл түрінен өнімді жақсы алуға болады. Біздің қожалықта барлық жағдай жасалған. Арнайы қоралар бар. Жалпы бірнеше жылдан бері симментал тұқымды кұнажындардан өте жақсы өнім алып жүрміз.

«Шәймерденов» ШҚ бұл қара малдарды «сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы сатып алған. Бір құнажынның салмағы 600 келіге дейін жетеді. Және күніне бір сиырдан 20-22 литр сүт алуға болады.Қожалықта қазіргі уақытта 35 адам қызмет етеді. Олар үшін арнайы асхана мен жатақханалар, қоғамдық көліктер де қарастырылған. ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров қожалықтың жұмыс барысымен танысып, қызметкерлерге сәттілік тіледі.

Динара Бигазина қожалықта сауыншы болып жұмыс істейді. Күніне 3рет 400 асыл тұқымды сиырды сауады. Барлық жұмыс заманауи құрылғылармен істеледі, ешқандай қиындық тудырмайды дейді ол.

Динара Биғазина – “Шәймерденов” ШҚ сауыншысы, Аққайың ауданы:

– Біздің жұмыс уақытымыз таңғы 6-да басталады. 3 сауыншы жұмыс істейді. Құрылғыларымызды әрқашан жуып, тазалап отырамыз. Гигиенаны қатаң түрде сақтаймыз. Жалақыларымыз көңіл көншітеді. Ай сайын 360 мың теңгеге жуық еңбекақы аламыз.

Қожалық мамандарының айтуынша, аталмыш симментал тұқымды қара малдар біздің өңірдің жем азығына және табиғи жағдайына жақсы бейімделеді екен.