Құқық қорғау органдары

Полиция қызметінен сыр шертетін жәдігерлер

Құжаттар, фотосуреттер, ескі қару-жарақ пен тұрмыстық заттар. Бүгінде облыстық полиция департаментінің музейінде 4 мыңнан аса жәдігер сақтаулы тұр.

Арасынан майдангер, Ішкі істер органдарының ардагері Александр Фролович сыйлаған алюминий қасықты да байқауға болады. Жерлесіміз оны бірнеше жыл бұрын мұражайға тарту етіпті. Бұл құралдың өзіндік тарихы бар. Құнды жәдігерді Брест қаласының маңында 1 солдат өзінің командиріне арнап  отбасыңа аман-есен орал деген тілекпен жасаған екен.

Любовь Осинская – СҚО ПД музейінің меңгерушісі:

 – Мына монументте Ұлы Отан соғысына қатысқан және Ішкі істер органдарында қызмет еткен 770 ардагердің есімі жазылған. Олардың басым бөлігі қайтыс болды. Майдангерлер бізге өздерінің гимнастеркаларын, соғыста тамақ ішкен заттарын сыйлады. Бұл дүниелер – құнды жәдігерлер.

Ешкенова Дана