Халық тарих толқынында

ҰОС қатысушыларына арналған ескерткіштер қалыпқа келтірілуде

Ресей, Италия, Румыния, Беларусь пен Қырғызстанның алғысы. Түрлі жылдары дәл осы мемлекеттерде қазақстандық жауынгерлерге арналып ескерткіштер орнатылған. Ал Солтүстік Қазақстанда  туған жерді фашистерден қорғап қалған майдангерлердің ерлігін жырлайтын 550-ден аса монумент бар. Олардың 18-і облыс орталығында орналасқан.

Жеңіс саябағындағы әрбір ескерткіш – 1418 күнге созылған отты жылдардың естелігі. Атаулы мереке қарсаңында мемориалдық кешен аумағында дайындық жүргізілуде. Нысан 18 жылға созылған құрылыс жұмыстарынан кейін 85-те ашылыпты. Ал 2010-да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тағы 5 жылдан соң мұнда «Азаттық жауынгерінің» ескерткіші пайда болды. Дәл осындай мүсін Ғ.Мүсірепов көшесінің бойында орналасқан. Дәлірек айтсақ, қаза тапқан кеңес әскері солдаттарының бауырлас зиратында. Эвакогоспитальдерде көз жұмған майдангерлер жерленген бейіт мемлекет қорғауына алынған нысандар қатарына жатады.

Рақат Мәмбеталинов – СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша орталығының директоры:

– Өңірімізде ҰОС қатысушыларына арналған 554 ескерткіш бар. Олардың 18-і Петропавл қаласында орналасқан. 12-сі мемлекеттік қорғауға алынған. 9-шы мамыр қарсаңында әрбірінде аббаттандыру және қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуде. Бүгінде 4 нысан аумағындағы шаруа өз мәресіне жетті. Қалған ескерткіштердегі жұмысты аптаның соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз.

Мейрамға дейін аса маңызды ескерткіш аймақтарында сенбілік өткізу де жоспарланған. Мұндай шара Мәңгілік алаудың маңында да ұйымдастырылады. Дәл осы жерден Ұлы Отан соғысы жылдарында ақ қайыңдар өлкесінен фашизммен күресуге 92 мыңнан аса жауынгер аттанған. Ұрыс даласынан жерлестеріміздің әр екіншісі үйлеріне оралған жоқ. Олар ұлан-байтақ даланы жау қолынан қорғау жолында жандарын пида етті. Бүгінгі ұрпақ майдангерлердің ерлігін ешқашан да ұмытпайды.

Рақат Мәмбеталинов – СҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша орталығының директоры:

– Ескерткіштерді қалыпқа келтіріп, аумағын аббаттандыру шаралары өңіріміздің түкпір-түкпірінде белсенді жүргізіліп жатыр. Аталған мақсатқа қаржыны демеушілер бөлуде. Мәселен, Мамлют ауданына қарасты Белое селосындағы обелискіні жөндеуге 3 млн теңге көлеміндегі қаржыны жергілікті аграрийлер бағыттады.

Айта кету қажет, бүгінде әрбір аудан орталығында ҰОС қатысушыларына арналған ескерткіштерде отты жылдары жаумен күрескен жауынгерлерінің есімі қашалған.

 

 

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова