Су тасқыны

Су деңгейі төмендеуде

Тасқынның беті қайтып келеді! Бір тәулікте Петропавл су торабындағы көрсеткіш 5 см-ге төмендеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша қазір қала сыртындағы саяжайларда ахуал біртіндеп тұрақталып жатыр. Ал, “Челябі-Новосібір” тас жолының бір бөлігін әлі күнге дейін қызыл су шаюда. Дегенмен, мұнда да оң өзгеріс байқалады. Мамандардың айтуынша қауіпті учаскедегі су деңгейі әр күн сайын 4-5 см-ге төмендеуде.

Бердімұрат Баймұқан