МТРА жаңалықтары

Петропавлда заңды тұлғаларға арналған ХҚКО ашылды

Петропавлда бизнес өкілдеріне қызмет көрсететін ХҚКО іске қосылды. Облыстық төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі штаб осындай іс-әрекет жасау қажеттігі туралы байламға келген.

Кәсіп иелерін қабылдау облыс әкімдігінің алдын ала ұсынылған тізіміне сәйкес жүргізіледі. ХҚКО-ы тек іскер азаматтармен ғана жұмыс істейтін болады, ал өзге тұлғалар керек құжаттарын онлайн түрде рәсімдей бермек. Қазір электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің 87 проценті қолжетімді. Кейбір қызметтер ЕgovМоbile мобильдік қосымшасында немесе телеграмм-ботта да бар. Сондай-ақ, мамандар кәсіпкерлерге халыққа қызмет көрсету орталықтарында бетперде киіп жүру қажеттігін ескертеді.

Дана  Ешкенова