ТЖ

Петропавлда көпқабатты үйдің балконынан өрт шықты

Петропавлда 5 қабатты үйдің балконынан өрт шықты. Оқиға Кәрім Сүтішев көшесі бойында  түске таман болған.

От 3-ші қабаттағы баспананың балконында тұтанған. Өрт сөндірушілер келген сәтте қара түтін нысанның кіреберісіне дейін жайылып кетіпті. Бірден 36 адам қауіпсіз жерге шығарылады. Оның 11-і – бала. 5 шаршы метр жерді шарпыған тілсіз жау терезе жақтауларын құртып, үйдегі мүлікке зақым келтірген. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 181 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 138-і тұрғын үйден шыққан.

Актолкын Солтанханкызы