Білім

Оқушылар ҰБТ-ның маусымдағы кезеңіне қатысу үшін онлайн-өтінім жолдайды

Түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеудің маусым айындағы кезеңіне қатысуға онлайн- өтінім жібере алады. Ол үшін арнайы сайтқа кіріп, тіркелу қажет.

Ал құжаттарды карантин мерзімі аяқталған соң қабылдау комиссиясына апарып тапсыруға мүмкіндіктері бар.

Еске сала кетейік, оқушылар осыған дейін қаңтар айында ақылы түрде сынақ тапсырған болатын. Наурыз айының еншісіне тиесілі сынақ төтенше жағдай аяқталған соң өткізіледі.
Жалпы, биыл 3300-ге жуық солтүстікқазақстандық шәкірт мектеп бітіреді. Олардың 2 мыңнан астамы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Түлектерге ешқандай электронды цифрлы мөрді алудың қажеті жоқ. Egov.kz порталына да өтінім қалдырудың қажеті жоқ. Ол үшін «Digital id»-ға кіріп егер студенттер 18 жастан асқан болса өздері тіркеле алады. Егер кәмелет жасқа толмаған болса оны ата-аналары жасайтын болады.

 

 

 

Маржан Касымбек